«ЕРТІС-БАЯН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ
Қазақ театр өнерінің көрнекті өкілі, режиссер, педагог, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ерсайын Тәпеновтың туғанына 80 жыл толуына орай ІІ Республикалық «Ертіс-Баян» театр фестивалі Қазақстанның мемлекеттік кәсіби драма және музыка-драма театрларының фестивалі ретінде 2026 жылдың 25-30 қыркүйек аралығында Павлодар қаласында өтеді. Жүлделер 2024-2026 жылдардағы театр маусымының қорытындысы бойынша конкурстық негізде беріледі.
ФЕСТИВАЛЬ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ
- Павлодар облысының әкімдігі;
- Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер ісі басқармасы;
- Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры.
ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
- Фестивальге 2024/2026 маусымында шығарылған спектакльдерге қатысуға рұқсат етіледі.
- мемлекеттік драма және музыка - драма театрларының ұжымдарына қатысуға рұқсат етіледі.
- Өтінімдер 2026 жылдың 20 маусымына дейін қабылданады
- Фестиваль афишасы 2026 жылдың 1 шілдеге дейін қалыптастырылады; Көрсетілген мерзімге дейін фестиваль дирекциясы конкурстық іріктеуден өткен театрларға шақыру хаттарын жібереді.
- Фестивальдің қорытынды афишасында Қазақстан Республикасының 10 театр ұжымы кіретін болады;
Өтінімді және қосымша материалдарды мына мекен-жайға жолдау қажет: e-mail: ertis_bayanfest@mail.ru
Фестивальге қатысу шарттары жайлы толық ақпаратты ФЕСТИВАЛЬ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕН біле аласыздар.
Фестивальдің қорытынды афишасымен ФЕСТИВАЛЬ АФИШАСЫНДА танысуға болады


